» » Өлкетану – Мәңгілік ел мұрасы

Өлкетану – Мәңгілік ел мұрасы

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Өлкетану – мәңгілік ел мұрасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты – жұртшылықты аймақтағы киелі орындардың тарихымен таныстырып, мәдени мұраларды қорғауға үйрету. Көрме «Туған жер – тұнған тарих», «Алаштың Ақмешіті», «Мәдениет – ұлт руханияты», «Қызылорда – жаңа мүмкіндіктер мекені» атты төрт  бөлімнен тұрады. Көрмеде ежелгі Сыр өңірінің  киелі орындары, қол бастаған батырлар мен дүлдүл ақын-жыраулар, әулие-әнбиелер, тарихи ескерткіштер мен кесенелер жайлы тарихи деректер, өңірдің киелі жерлері мен көрікті келбеті жайлы кітаптар мен мақалалар  қойылды. Көрмеде жалпы саны 150-ге жуық кітап, 20 мақала, 25 фотосурет, 45 DVR-W өлкетану кітаптар ұсынылды.  
22 ақпан 2018 ж. 1 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031