Астанаға Аралдан сәлем
«Арал достары»
Апта басында облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының аясында Астана қаласында Арал өңірін дамытуға бағытталған «Арал достары» халықаралық симпозиумы өтті. Халықаралық қауымдастықтар мен қаржы ұйымдарының және мемлекеттік атқарушы билік өкілдері мен Қазақстандағы шетел елшілерінің қатысуымен болған ауқымды шарада айдынды өңірді қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеру және ондағы тұрғындарға көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Бұрын ауқымы жағынан әлемде төртінші орын алатын теңіздің бүгінгі тағдыры тек бізді емес жаһан жұртын да алаңдатқаны жасырын емес. Судың төрттен үш бөлігінің жойылып кетуі экологиялық түйткілдер туындатып, жергілікті халықтың денсаулығына орасан зиян тигізді. Сонымен қатар, тіршілігін теңізбен байланыстырған жағалау жұртының әлеуметтік жағдайының төмендеуі де олардың бұл маңнан көшіп кетуіне себеп болды. Дәл осындай экологиялық әрі экономикалық қиыншылықпен күрес тәуелсіздігін енді алған Қазақстан секілді мемлекет үшін оңай емес-тін. Алайда, Елбасының Арал өңірі тұрғындарына деген ерекше қамқорлығы мен жігерінің арқасында жаһандық мәселенің жарасын жеңілдете алдық. Осылайша айдынды өңір тұрғындарының кеудесінде теңіз қайта оралады деген үміт оты тұтанды.
Арал мәселесін шешу мен әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған халықаралық симпозиумның алғысөзін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алып, өңірде жасалып жатқан оң өзгерістерге тоқталды. Сондай-ақ, Арал проблемасын тиімді шешудің жолдарына тоқталып өтті.
– Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары елдегі экономикалық қиын жағдайға қарамастан Елбасы тарапынан Арал проблемасын шешуге ерекше қолдау көрсетілді. Президент бастамасымен құрғап бара жатқан теңіздің қоршаған ортаға кері әсерін азайту үшін ғасыр жобасына баланған «САРАТС» жобасы жүзеге асырылды. Нәтижесінде теңіз деңгейі көтеріліп, бір кездері жойылып кеткен балық түрлерінің оралуымен шаруашылық жанданды. Бүгінде Еуропа мен көрші мемлекеттерде Арал балығының танымалдығы артып келеді. Сонымен қатар, өңір балықшылары 4 балық зауытынан бөлек Ресейдің Улямоск аймағында да өздерінің бизнестерін жалғастырып, кәсіпорын салды. Мұның барлығы теңіз жағалауындағы тұрғындардың арман-тілегі болатын, – деді аймақ басшысы.
Симпозиум жұмысының келесі бөлімінде «Астанаға Аралдан сәлем» атты бейнеролик көрсетіліп, қатысушылар теңіз төскейіндегі халықтың бүгінгі тұрмысымен танысты. Одан соң жобалар мен ұсыныс-пікірлерге кезек берілді. Осы отырыста Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы Арал өңіріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға 3 млн доллар бөлуге ниетті екенін білдірді. Мұны БҰҰ-ның резидент-координаторы, БҰҰ даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура мәлімдеді.
– Дүниежүзілік банк, Халықаралық Аралды құтқару қоры және көптеген ұйым аталған мәселені шешуге өз үлестерін қосуда. Қазіргі таңда Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы аталған проблеманы шешуге ниетті. Біз қызылордалық әріптестерімізбен біріккен жобаны жүзеге асырмақпыз – деді ол.
Жоба негізінен 3 бағытқа бөлінген. Ол – әлеуметтік, экологиялық және экономикалық салалар
Арал өңірін жан-жақты дамытуға халықаралық қауымдастықтар көмек көрсетуде. Мұндай қолдау облыс әкімдігі бюджетінен де қарастырылмақ. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев биыл Арал ауданының әлеуметтік-экономикалық жол картасына 114 млн теңге бөлінетінін мәлімдеді.
Халықаралық симпозиум барысында Қазақстандағы шетел елшілері, табиғат қорғау мекемелері мен ғалымдар, халықаралық қор өкілдері мен Арал тағдырына алаңдаған азаматтар ойларын ортаға салды. Шараны қорытындылаған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев бастамаларға қолдау білдірген әріптестеріне, Аралға тілеулес азаматтарға алғысын жеткізіп, алдағы уақытта үлкен жобалардың жүзеге асатынына сенім білдірді.
М.ҚҰРМАНӘЛІ