» » Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 18,7 пайызға өсті

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 18,7 пайызға өсті

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда айналымы 2017 жылы 1,9 млрд долларды құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Бір жыл ішінде сауда айналымы 17,8 пайызға өскен. Сонымен қатар, қазақстандық тауарларды экспорттау 418,2 млн долларды құрады.
Өткен жылы Қазақстан Германияға 127,2 млн долларға ферроқорытпа, 91 млн долларға күміс, 55,9 млн долларға шикізаттай мұнай және 50 млн долларға сутегі сатқан.
Ал аталған елдегі импортталған тауарлар 1,4 млрд долларды құрады. Оның басым бөлігі дәрі-дәрмектерге (148 млн доллар), ауыл шаруашылығы техникасына (59,8 млн доллар) жұмсалған.
Бұдан басқа, медициналық техника (39,8 млн долларға), лифт пен эскалаторлар (36,5 млн долларға), тыңайтқыштар (35,6 млн долларға), жеңіл автокөліктер (30,3 млн долларға), тракторлар (19,3 млн долларға) және шоколад (13,6 млн долларға) сатып алынған.
Baq.kz

23 ақпан 2018 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031