» » Күйзелісті жеңудің қарапайым жолы табылды

Күйзелісті жеңудің қарапайым жолы табылды

 АҚШ ғалымдары депрессияны жеңудің қарапайым жолын тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.
Мамандар жаңа піскен жемістерді, көкөністерді және дәнді-дақылдарды жеу психикалық бұзылу қаупін азайтатынын анықтады. Олар бұл тұжырымға қартайған адамдарға жасалған алты жылдық бақылаудан кейін келген.
Қатысушылар Жерорта теңізі және дәстүрлі батыс диеталары бойынша диеталық талаптарға сәйкес үш негізгі топқа бөлінді.
Байқаудың нәтижелері бойынша, жемістер, көкөністер және майсыз тағамдармен тамақтанған топта күйзелістің пайда болу қаупі төмен болған. Күйзелістің ең жоғары көрсеткіші көп мөлшердегі қызыл еті бар батыс диетасындағы қатысушыларға қатысты болды. Зерттеушілердің айтуынша, жеміс-жидекті диета психикалық бұзылулардың қаупін азайтады.
Бұған дейін ғалымдар аптасына бір сағат қана жасалған жаттығудың өзі күйзелістің болуын айтарлықтай төмендететінін анықтаған.

26 ақпан 2018 ж. 808 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930