» » «Тоғызқұмалақтың» мобильді нұсқасы жасалды

«Тоғызқұмалақтың» мобильді нұсқасы жасалды

 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ақпа­раттық технологиялар факульте­тінің студентері мен магис­транттары Мейірхан Есеев, Галы Махмуд, Лесбек Шағи, Нұрдәу­лет Рахымберді қазақтың ұлттық «тоғызқұмалақ» ойынын (PlayMarket және AppStore)  қолжетімді әрі мобильді нұсқада әзірледі. Бұл ұлттық ойындарды цифрландырудың идеялық дем берушісі әрі авторы – ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов. Ал жобаның жетекшісі ақпараттық технология­лар факультетінің деканы Жанат Нұрбекова.  Бұл жағымды жаңалық Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдар­ламалық мақаласында баяндалған міндеттерді елімізде жүзеге асыруға ЕҰУ студенттері  мен магистранттарының қосқан сүбелі өнертабысы. Басқа­ша айтқанда, ұлттық мәдени құнды­лықтардың танымалдығын арттыру үшін мультимедиялық платформа құрудың нақты қадамы. Қазір Еуразия ұлттық универ­ситетінде осы мақсатта қазақ халқының ұлттық мұрасын цифрландыру бойынша тыңғылықты жұмыстар жүргізілуде. Оның бір дәлелі – «Көп деңгейлі ойын­дардың кросс-платформасын жасау» атты ғылыми-қолданбалы жоба­ның басталуы. Өнертапқыш жастар қазір аталмыш жоба шеңберінде М.Әуезовтің «Көксерек» шығармасы атауы­мен компьютерлік ойындар:  тоғыз­құмалақ және асық ату жобасының тұжырымдамасын әзірледі.
https://egemen.kz/

26 ақпан 2018 ж. 1 019 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031