» » АСАНӘЛІ ӘШІМОВ: "ҚЫЗҒА ҚЫРЫНДАУ – ЕРКЕКТІҢ ЖҰМЫСЫ"

АСАНӘЛІ ӘШІМОВ: "ҚЫЗҒА ҚЫРЫНДАУ – ЕРКЕКТІҢ ЖҰМЫСЫ"

 Театр және кино актері, Халық артисі Асанәлі Әшімов қыздарға қырындайтынын мойындады. Оның ойынша, әйел баласына қарау – табиғи заңдылық екен.
    «Қырындағанда енді ол еркектің жұмысы ғой. Қыздарға жақсы комплимент айту керек. Қыздарды көтеріп сөйлеу керек. «Әдемісін, жақсысын» деп. Ол еркектің міндеті деп ойлаймын. Жалпы әйел баласын сыйлау керек. Бұлар басқа планетадан келген адамдар», –  деді актер Аман Тасығанның «TalkLike» бағдарламасында.
    Сондай-ақ, Әшімов өлімнен емес, тек Қазақстанның болашағынан қорқатынын айтты.  
    «Келешек еліміздің тағдыры кішкене күмән келтіреді. Апырай а, бұлай болып кетпесе екен. Үрей деуге болмас, бірақ күдік басым», – дейді ол.
    Асанәлі Әшімов өзгелер сияқты ішімдік ішетінін жасырып қалмады.
    «Лепіріп ішіп кететіндер болады. Өліп кететіндер болады. Біреулерге тіл тигізетіндер де болады. Мен 60 жылдан аса арақ ішемін. Бірақ ақылмен. Іше білу дейді ғой. Мен тастадым, ішіп кеттім деген жоқ. Менің ағзам жақсы. Құмартып арақ іздемеймін», – деп Әшімов журналиспен  стақан соғыстырып, коньяктан тартып жіберді.
    Актердің өмірде 1 адамнан қатты көңілі қалыпты. Атын атап, түсін түстегісі келмеген ол жан-жағында қу түлкілердің толып жүргенін айтып қалды.
27 ақпан 2018 ж. 1 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031