» » БҰЗАҚЫЛАР МЕШІТКЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

БҰЗАҚЫЛАР МЕШІТКЕ ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

 Қырғызстан полициясы Ош облысы Өзген ауданындағы мешіттің бұрынғы имамына жасалған шабуылды тексеріп жатыр, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі Азаттық басылымына сілтеме жасап.
Ішкі істер департаментінің хабарламасына сәйкес, 26 ақпанда Ош облысы Өзген ауданының Красный Маяк ауылындағы мешітте 40 және 64 жастағы екі ер адам пышақ алып төбелеседі. Салдарынан 64 жастағы адам жарақат алады.
Алдын ала тергеу мәліметтеріне қарағанда, төбелес садақадан түскен ақшаны жымқырды деген айыптаудан туған.
Бірақ Ош облысының қазысы Самидин Атабаев төбелес садақадан туындады дегенді жоққа шығарады. Оның айтуынша, төбелескендердің біреуі бұрын сотталған.
Жәбірленуші Ош облыстық ауруханаға жеткізілді.


28 ақпан 2018 ж. 1 032 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031