Британияда адамның кеуде қуысын 3D-принтермен шығарды
Британияның Суонси қаласында орналасқан Моррисон ауруханасындағы мамандар емделушінің кеуде қуысын 3D-принтердің көмегімен басып шығарды. Бұл туралы ABMU Health Board сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
71 жастағы Питер Мэггз қатерлі ісік кесірінен кейде қуысының жартысын және үш қабырғасынан айырылып қалады. Мамандар оған күрделі ота жасауды қолға алады.
Әдетте хирургтер мұндай ота кезінде медициналық цементтен протез жасайды. Бірақ 3D-принтер технологиясы имплантты титанды балқытып жасауға мүмкіндік берді және ота уақытын екі сағатқа қысқартты. Протезді дайындау кезінде Мэггзаның кеуде қуысы түсірілген компьютерлік томография қолданылды. Бұл Британияда протездерді мұндай принтермен басып шығарған оталардың біріншісі болды.
Дәрігерлер отаны сегіз сағат жасады. Олардың айтуынша, имплант емделушіге дәл келді және енді олар мұндай протезді болашақта да қолдануды жоспарлап отыр.