» » ШВЕЦИЯ ҚОҚЫСТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕН ТАСИДЫ

ШВЕЦИЯ ҚОҚЫСТЫ ӨЗГЕ ЕЛДЕН ТАСИДЫ

 Міне қызық
 Жақында ғана Швецияда қоқыс таусылып қалып, биліктің қоқысты басқа елдерден тасымалдауға дайындығы туралы жаңалық әлемді дүр сілкіндірді. Басқасы басқа, өзге елден қоқыс тасудың қандай пайдасы бар дерсіз? Стокгольмда қоқысты қайта өңдеу жүйесінің қаншалықты тиімділігін нақты мысалдармен айтып бермекпіз.
Швецияда бұл күнде қоқыстарды сұрыптау жалпыға ортақ ауқымды деңгейге жеткен. Осының арқасында елде үйінділердің мүлде көзі жойылып, олардың қалдықтары отынға айналып немесе қайта қолданысқа жарай бастады. Қысқасы, биліктің әрдайым түсіндірме жұмыстарын жүргізуі халықтың түсінігіне әсер етіп, өз жемісін бере бастады.
Елдегі тұрғындардың басым көпшілігі лақтырылған пластиктің әлі жеті рет қолдануға болатынын жақсы түсінеді. Содан кейін ғана ол электростанцияға өртеуге жіберіледі. Осылайша, жетінші рет қолданылған пластик ақыры электр тоғы ретінде пайдаға асады.
Стокгольмдағы әрбір отбасының үйінде қоқыстарды сұрыптауға арналған 6-7 шелек бар. Атап айтқанда, қоқыс шелектері пластик, қағаз, шыны, картон, металдарды жеке-жеке салуға арналған. Тіпті, Стокгольмдағы жас бала да кәмпит қағазын басқа контейнерге сала қоймайды. Қоқысты сұрыптай салуды ол елде балабақша мен мектептен бастап үйретеді, ал қате салынған жағдайда айыппұл қарастырылған.
01 наурыз 2018 ж. 1 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031