» » Әр қазақстандық жылына 300-450 келі қоқыс шығарады

Әр қазақстандық жылына 300-450 келі қоқыс шығарады

Қазақстанда қоқыс өңдеу бизнесіне ақша салу қаншалықты тиімді? Қатты қалдықтарды өңдеу қашан жолға қойылады? Осы және өзге сұрақтарға қазақстандық «KazWaste» қалдықтарды басқару қауымдастығының төрағасы Шынболат Байқұлов айтты.
Азия даму банкінің зерттеуінше, қазақстандықтар күніне 13 мың тонна, жылына 5 млн тонна қоқыс шығады. 1 адамның үлесіне жылына 300-450 келі қоқыстан келеді. Ал қатты қалдықтардың тек 57%-ы ғана сортталады. Сарапшылардың айтуынша, тұтыну көрсеткіші көбейген сайын қоқыс көлемі де арта түспек. Бүгінде Қазақстандағы қоқысты қайта өңдеу нарығының көлемі 40 млрд теңгеге бағаланып отыр. Шынболат Байқұлов қайта өңдеу өнеркәсібін жолға қою үшін тек қана мемлекеттің күші жеткіліксіз екендігін айтты. Оған бизнес пен жеке адамдар да атсалысуы керек. «Қазір тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу саласында оң өзгерістер бар. Астанада арнайы зауыт бар. Онда бірнеше секция ашылған. Қазір қағаз қалдықтары өңделіп жатса, жақында биоқалдықтар мен органикалық қоқысты биоотынға айналдыратын секция ашылады. Экологиялық кодексте екінші сорттағы қалдықтарды, құрылыс қалдықтарын, ас-ауқатты, пластик пен қағазды көмуге тыйым салу туралы норма шықты. Осы норма бизнесті де ойландырып отыр. Енді өндірушілер өз тауарларының қайта өңделуі туралы да ойлануы тиіс», - деді ол. Оның айтуынша, құрылыс саласы қалдықтарын көмуге тыйым салу 2019 жылға кейінге қалдырылды. Алайда, қазірдің өзінде қоқыс өңдеу зауыттары гипсокартон, кірпіш, бетонды сындырып, өндіріске қайта салатын құрал-жабдық сатылып алынып жатыр. «Биогаз өндірісіне демеуқаржы бөлінеді. Бұл энергия арзан әрі тиімді болмақ. Статистика бойынша Астанада  қоқыстардың 3,5-7%-ы ғана қайта өңделеді. Бұл жерде қоқыстың үйден шықпай сортталғаны аса маңызды. Теміртауда бизнес қауымдастық балабақша мен мектептерде қоқыстарды екі жәшікке салу тәртібін енгізген болатын. Нәтиже жаман емес, алғашқы 1,5 жылда қиын болды. Кейін балалар бұл тәртіпке үйренді. Қоқыс сорттау Қостанайда да жолға қойылған», - деді Шынболат Байқұлов. Халықты бұл тәртіпке үйрету жолында заңнаманы қатайтып, бизнес қауымдастық тарапынан ынталандыру шараларын жүргізу маңызды. «Германиядағы әріптестерімізбен кеңестік. Ол жақта да бірден тәртіп орнай қоймаған. Заңнаманы күшейту арқылы қазір Германияда 4 контейнерлік жүйе жұмыс жасап тұр. Сонымен қатар тез ыдырайтын экологиялық пакеттер өндірісі жолға қойылған», - деді ол.

26 қаңтар 2018 ж. 1 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031