Салмақсыздықта жүзу
Су спорты салмақсыздық жағдайында да дамуы мүмкін екен. Келешекте бұл спорт түрі де кереметтей танымал бола түспек. Суда салмақсыздық болуы мүмкін бе? Иә. Нөлдік гравитацияда судың ауада қалқып жүретінін ғарыш кемелеріндегі ғарышкерлер туралы деректі фильмдерден көп байқаймыз. Ал көлемді су бассейнінің нөлдік гравитацияда қалықтап тұрғанын көргеніңіз бар ма? Мұндай жағдайда жүзетін адам тек жоғарыға ғана жүзбейді, оның барлық бағытқа жүзуге мүмкіндігі бар. Мәселен белгілі бір кеңістікте қалықтап тұрған бассейннің астына түссе де, оған ауа жетіп тұрады. Ендігі кезекте су бассейнінде белгілі бір қашықтыққа жылдамдыққа жүзу спортын да айта кеткеніміз жөн. Басты мәселе жүзушіге арнайы акваланг қажет болады. Салмақсыздықта жүзу мүмкін болғандықтан, ғалымдар ендігіде нөлдік гравитация жағдайында арнайы бассейндер салумен айналысып жатқан көрінеді. Токио ұлттық агенттігінің бір топ ғалымдары осы мәселеге байланысты тіпті ғылыми жұмыс жазған екен.