Елімізде отандық көлік арзандауы мүмкін
Автомобиль шығаратын зауыттар қосымша құн салығын төлемеуі мүмкін.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Транспорт және ауыл шаруашылығы техникаларын шығаруда қосымша құн салығынын босатылатын тізімді бекіту туралы» бұйрық дайындап жатыр. Құжат осы жылдың ақпанында қол қойылып, жариялану керек.
Бұйрыққа сәйкес, ҚҚС-тен жеңіл көліктер, жүк көліктері, тракторлар, арнайы техникалар және т.б. босатылады. Яғни, ҚР ИДМ министрлігі қолдайтын жергілікті зауыттардың өніміне ҚҚС салынбайды. Бірақ ҚҚС алып тасталғаннан кейін автосалондағы көлік бағалары түседі ме? Кәсіпкерлер, атап айтқанда, Бипэк Авто компаниясының өкілдері, бұл мәселеге қатысты нақты шешім шықпады деп отыр. Бірақ құжат күшіне енгеннен кейін барлығы белгілі болады.