» » ЖЫР БӘЙГЕСІНДЕ – ЖАС АҚЫНДАР

ЖЫР БӘЙГЕСІНДЕ – ЖАС АҚЫНДАР


А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы аясында жастардың елжандылық қасиетін дамыту, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған елдің тарихын қастерлей білуге, жас ақынның көзқарасын айқындап, қарсылас алдындағы тапқырлығы мен талантын көпшілікке паш ету мақсатында  қала әкімдігінің қолдауымен, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тамыры терең, тарихы кенен Қызылорда!» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. Жыр додасын екі мәрте «Алтын домбыра» иегері, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жүргізді.
 Аламан айтысқа Ботакөз Мұхитдинқызы (Қарағанды), Нұрғали Әнапия (Шымкент), Әлихан Жақсылық (Ақтөбе облысынан), Нұрқанат Қайрат (Павлодар қаласы), Сұлужан Таубалды (Астана қаласынан) және Қызылорда қаласынан Бекжан Ержігіт, Мейрамбек Ибрагимов, Шыңғыс Құдайберген, Ерасыл Бәйментай, Төрехан Совет секілді ақындар киелі Сыр топырағында жиылып бақ сынасты. От ауызды, орақ тілді ақындар сынға түскен аламан айтысқа «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп төрағалық етсе, ақын Оңталап Нұрмаханов пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес қазылық жасады. Айтыс өнері заман ағымына ілесіп жасап келе жатқан қазақтың асыл мұрасы екені анық. Мұны ақындар айрықша көрсете білді. Қазылардың шешімімен  бас жүлде павлодарлық Нұрқанат Қайратқа бұйырса, І орынды қызылордалық Бекжан Ержігіт, ІІ орынды Ерасыл Бәйментай, ІІІ орынды ақтөбелік Алихан Жақсылық алды. Қатысушы барлық айтыскер жас ақындар қала әкімі Н.Нәлібаевтың алғыс хатымен марапатталды.
26 ақпан 2018 ж. 1 158 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031