Оқуды қойған адам ойлануды қояды
Кезекті демалыс уақыты. Ауылға жолтарттым. Үйге кірсем ағам отыр, әсте менің кіргенімді байқамады-ау, кітап оқып отыр екен. Мұқабасына көз жүгірттім: «Қаһар» ІлиясЕсенберлин. Ата-анам еңбек адамдары бірақ бұл ағаларым мәдениеттен алыстады деген сөз емес-ті. Бір ғана жазғы уақытта 50-ге жуық кітап оқыды. Ол – менің ағам Табиғат Досов. Осыған қарап мен ой түйдім. Неге кітап оқи береді? Әлде қызық па? Ал қазіргі жастардың көбі неге кітап оқымайды?
Белгілі журналист Нұртөре Жүсіп өзінің «Біз – көппіз, Дидро – жалғыз» атты мақаласында кітап оқу жөнінде көп мағлұматтар берген. «Оқуды қойған адам, ойлануды қояды» (Д.Дидро). Бірақ әлдекім сізге келіп, «ойсызсың» десе, қайтер едіңіз? Байыбына бармастан шамданатындығыңызға дау жоқ.
«Оқуды қойған – ойлануды қояды. Ойланбайтын адам Отанын ойланбай сатады». Сонда расымен кітап оқымаған жан, Отанын сататын болғаны ма? Әрине бұл сұрақтарға әркім санасы жеткенше емес, шамасы жеткенше жауап береді.
Рахила Доспаева – Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасының бөлім меңгерушісі.
«Сәби кезімізден кітап оқудың құдіретін анамыздан үйрендік. Ол кісі зейінді, зерек еді, қалың томдардың өзін бірер кеште оқып үлгіретін-ді. Біздің замандастарымыз көз ашқалы «кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы»,-деп өскен жандар. Бізге пән мұғалімдері «қосымша мына авторлардың, мына кітаптарын оқисыңдар» деп әсіресе жазғы каникулда тапсырманы үйіп-төгіп беретін. Сондықтан жастайымыздан оқулықтардан бөлек, әдеби кітаптарды бір-бірімізге кезекпен алмастырып, іздеп жүріп оқуға машықтандық. Кітап оқу арқылы білім көкжиегі кеңіді, жан дүниеміз байып, ойлау қабілетіміз артты.
Өзім жоғары оқу орнына түсірде «Менің сүйікті жазушым» деген еркін тақырыпта ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын талдап шығарма жазып, жоғары баға алғанымды мақтан тұтамын. Менің замандастарымның бір артықшылығы – Алматыда сол кездегі әйгілі ақын-жазушылар, ғалымдар мен өнер қайраткерлері т.б. тұлғалармен кездсеулер өткізіледі деген жарнамаларды шарқ ұрып іздеп тауып, бір-бірімізге хабарлап, сонда барып, көзбе-көз көрісіп, пікірлерін тыңдауға мүмкіндіктің мол болғандығы және сол сәттер жадымызда... Студенттік өмірде мамандыққа сәйкес шет ел ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, өзгеше дүние шеңберіне аяқ басқандай күйде болдық. Фариза Оңғарсынованың «Шілде» өлеңдер жинағы сырлас досыма айналғалы қаншама жыл өтті. Менің жан досым, сырласым – мектеп кезінен бастап, бүгінге дейін жазып келе жатқан күнделігім. Болашағымыз үшін кітап оқуды өмірлік дағдыға айналдыруымыз керек».
P.S. Аға буынның айтқан ойымен келісеміз, «көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра демейме дана халқымыз. Сондықтан жастар арасында асыл қазынамызды, тұнған тарихымызды оқуға насихаттау қажет. Кітап арқылы адамның ой өрісі дамиды, қаламы ұшталады.

МАРЖАН Әшірапбай
ҚМУ 3 курсстуденті