» » Аралдың арнасы толады

Аралдың арнасы толады

 ҚазАқпарат - Аралды құтқару мәселесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмыс тобы құрылады. Бұл туралы Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Ерік Өтембаев Қарақалпақстанға сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
«Біз Аралды құтқару бойынша бірлесіп әрекет етуге келістік. Қарақалпақстанның  шөлейттенумен күресте жетістіктері бар, сондай-ақ осы мәселеге қарсы түрлі өсімдіктер өсіру, әсіресе сексеуіл отырғызудан жақсы тәжірибе жинақтаған. Осы бағыттарда Қазақстан мен Өзбекстан мамандарының бірлескен жұмысы тиімді әдіс табуға мүмкіндік береді. Бұл ретте ҚР Президентінің Халықаралық Аралды құтқару қорының рөлін күшейту бойынша бастамасы өте маңызды», - деп атап өтті Е.Өтембаев. Сондай-ақ, дипломат таяу уақытта суды үнемдеудің жаңа әдістерін және оны тиімді пайдалануды зерттеу саласында Қазақстан мен Өзбекстан мамандарынан тұратын жұмыс тобы құрылмақ. 
02 наурыз 2018 ж. 751 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930