» » Өзбекстан мигранттарды Ресейге апаратын жаңа маршруттар ашады

Өзбекстан мигранттарды Ресейге апаратын жаңа маршруттар ашады

Өзбекстан билігі «Ресей теміржолдарымен» бірігіп Ресей мен ТМД елдеріне жұмыс істеуге баратын мигранттар үшін жаңа маршруттар ашпақ. Бұл туралы республиканың министрлер кабинетінің қаулысында айтылды.Билеттердің бағасы арзандатылуы үшін плацкарт вагондардың саны көбейеді. Мұнымен қатар, әуе рейстері мен чартерлердің де саны артады.Биліктің мұндай қадамға баруына 18 қаңтар күні Ақтөбеде болған оқыс оқиға себеп болып отыр. Жуырда «Өзбекстан әуе желісінің» бас директоры Улугбек Розукулов қызметінен босатылған-ды.
Естеріңізге сала кетсек, төтенше жағдай 18 қаңтар күні Қалыбай ауылынан 10 км және облыс орталығынан 320 км қашықтықта Самара-Шымкент трассасында Астана уақытымен сағат 10.30-да болды. Өзбекстанның 57 азаматы отырған «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртенді. Ақтөбе облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, жанып жатқан автобустан 5 адам шығып үлгеріпті, 52 адам қайтыс болған.
Бұдан кейін Ақтөбеде өртенген автобустың видеосы шықты.
Сонымен қатар, автобустағы өрттен зардап шеккендердің аты-жөні белгілі болды, қазір оларды Ақтөбеге алып бара жатыр. Олардың арасында үш жүргізуші, Қазақстан азаматтары – 1985 жылы туған Мақсат Пернебек, 1968 жылы туған Нұржан Қырғызбаев, 1978 жылы туған Барат Таңатаров. Барлығы Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны. Қалған екеуі Өзбекстан азаматы – 1988 жылы туған Ахрор Исаков және 1980 Исроилджан Мырзахметов.
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанда болған оқыс оқиға орнына дәрігерлер, СІМ және министрлік қызметкерлерін жіберу үшін ұшақ жіберетінін хабарлаған.
24 қаңтар 2018 ж. 856 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031