» » Энергетика вице-министрі Сәдібеков ұсталды

Энергетика вице-министрі Сәдібеков ұсталды

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.
Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан.
Сәдібековпен қол қойылған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігімен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген.
Аталған қаражаттың 1 млрд. теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған.
Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.
Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов и Қадырберлин ұсталды.
Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Baq.kz
02 наурыз 2018 ж. 726 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930