» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЕТІКШІНІҢ ШЕБЕРХАНАСЫНДА ЕРЕКШЕ КОЛЛЕКЦИЯ БАР

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЕТІКШІНІҢ ШЕБЕРХАНАСЫНДА ЕРЕКШЕ КОЛЛЕКЦИЯ БАР

 Қызылорда қаласында тұратын коллекционер Сенбек Дүйсенбаевтің негізгі кәсібі - етікшілік. Ол негізгі кәсібімен бірге коллекционерлік қасиетімен де елдің көзіне түсіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 Отбасында үш бала тәрбиелеп отырған ол негізгі кәсібімен 20 жылдан бері айналысып келеді. Сонымен қатар оның түрлі заттарды жинаумен айналысып жүргеніне де 7-8 жылдың жүзі болып қалған. Бүгінде бұл қызығушылығы өзінің сүйікті ісіне айналды. Ол өте сирек кездесетін ашық хат, төсбелгі мен көне тиындарды жинайды. Оның жинақ қорында қаншама дүние бар. Әрбірі өткен тарихтан шежірелі сыр шертіп тұр. «Рас, елімізде мен сияқты азаматтар аз емес. Алғашқыда Кеңес Одағы тұсындағы тиындарды жинадым. Бүгінде қолымда 100-ден аса тиын бар. Олардың ішіндегі ең ескісі - 10 тиын. Ол 1923 жылы шыққан. Сондай-ақ, еліміз егемендік алғаннан кейінгі тиындарды жинап жүрмін. Ерекшелігі - оларда халқымыздың ақын-жазушылары мен салт-дәстүріміз бейнеленген. Мәселен, Әлихан Бөкейханов, Әбілқайыр хан, Сәбит Мұқанов сынды өзге де ұлт жанашырлары мен жазушылар бейнеленген. Олардың арасында қазақтың «сәбиді қырқынан шығару» жоралғысы 20 тиын бедерінде таңбаланыпты», - дейді Сенбек Дүйсенбаев. Сондай-ақ, ол кейінгі бес жыл ішінде 500-ге тарта көне төсбелгілерді де жинақтаған. Оның қорында талантты орыс суретшісі Владимир Зарубиннің қаламынан туған суреттер бейнелеген пошталық ашық хаттар бар. Онда жұмбақ және оқыс құбылыстар кездеседі. Сонымен осы қылқалам шеберінің қиялынан туған мерекелік конверттер де бар. Өзге де дүниелер аз емес. Сенбек Дүйсенбаев шеберхана келушілері де бұларға қызығушылық танытатынын жеткізді. Оларға әрбір дүниенің жан-жақты кеңінен баяндап береді.
09 наурыз 2018 ж. 797 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031