» » ПАРИЖДЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГЕН

ПАРИЖДЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕГЕН

Тілім тірегім
 «Ұлттық рухтың негізі – ұлттық тіл» деп Мұстафа Шоқай айтқандай, ана тілді құрметтеу – басты міндетіміз. Өйткені тіл өшсе – халық та өлгені. Ал халықтың өлгенін кім қалайды? Әйтсе де ықылым заманнан баға жетпес қазына саналып келе жатқан тіліміздің бүгінгі таңдағы жағдайы мәз емес. Тұрсынбек Қабатовтың «Қазақ тілі – ең қиын тіл. Қиындығы соншалық кейбір қазақтардың өзі сөйлей алмайды» деген астарлы әзілінің өзі рас екен-ау дейсің бүгінде.
М.Өтемісұлының ЮНЕСКО көлемінде 200 жылдық мерейтойын Париж қаласында атап өттік. Махамбеттің барлық өлеңдері ағылшын, француз, испан тіліне аударылды. Бұл тойға қазақтар да барды. Махамбеттің сүбелі өлеңдері әлемнің барлық тіліне аударылып жазылады. Тек бір өлеңі ғана аударылмай қазақша жазылып, көзге оттай басылды. Сонда қонақтар: «Апыр-ай! Қазақ деген қандай ұлы халық! Біз Махамбеттің тура осы өлеңін бүкіл тіл мамандары жиналып аудара алмадық. Мынау деген сұмдық қой?! Егер бізде Махамбет тәрізді ақынымыз болса, өлеңдерін барлық тілге аударып, оны әлемге таратар едік», – деп таңданыстарын жасырмады. Шетелдік ғалымдарды таңқалдырған тілімізбен мақтану керек.  
Зере МАХАМБЕТӘЛИЕВА,
Қамбаш орта мектебінің
11 сынып оқушысы,
Арал ауданы,
Қамыстыбас ауылы.
12 наурыз 2018 ж. 1 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031