» » Қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек - ҚР Президенті

Қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек - ҚР Президенті


2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажет. Бұл жайында бүгін республикалық басылымдарда жарияланған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстандықтардың болашағы - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде. Орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесі әзірленіп, енгізілуде. Егер біз қазақ тілі ғұмырлы болсын десек, оны жөнсіз терминологиямен қиындатпай, қазіргі заманға лайықтауымыз қажет. Алайда, соңғы жылдары әлемде қалыптасқан 7 мың термин қазақ тіліне аударылған. Мұндай «жаңалықтар» кейде күлкіңді келтіреді. Мысалы, «ғаламтор» (Интернет), «қолтырауын» (крокодил), «күйсандық» (фортепиано) және тағы сол сияқтылар толып жатыр. Осындай аудармаларды негіздеу тәсілдерін қайта қарастырып, терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату керек», - деді Қазақстан Президенті Жолдауында. Осы ретте Мемлекет басшысы латын әліпбиіне көшу жоғарыда аталған мәселені реттеуге мүмкіндік беретіндігін атап өтеді. 2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде латын әліпбиіне көшудің нақты кестесін жасау қажеттігіне назар аудартады.    

10 қаңтар 2018 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930