» » АТАМНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

АТАМНЫҢ ӘҢГІМЕСІ

 Қолым қалт етсе атамның қасында болуға тырысамын. Ол кісінің әңгімелері ерекше. Көзі көрген кісілердің жақсы қасиеттерін айтып береді. Бірде атам екеуміз қорада шөп жинап жатып, біраз әңгімелестік.
– 70-90 жылдары Шаған, Іңкәрдария елді мекенінде Тайғара есімді ақсақал ұзақ жыл дүкенші болып еңбек етіпті. Ауылдың жаңалықтарының бәрін тұрғындар сол кісіден естиді екен. Бір күні сынамақ болып, Тәке, ауылға кеше түскен келіннің есімін білесіз бе? – деп сұрапты.
Сонда дүкенші еш мүдірместен, «аты Сәлима» деп жауап қайтарыпты. Жұртшылық келін түскелі дүкеннің ашылғаны осы, алғаш болып біз кіріп тұрмыз, бұл қалай дәл біледі деп таңғалыпты.
Жұртты өзінің зеректігімен тәнті еткен тағы бір жан – Тереңөзек кентінде тұратын аудандық әскери комиссариатта жұмыс істеген Пайзырахан деген кісі. Ол аудан көлемінде әскерге шақырылған баланың аты-жөнін, қашан және қай жерде сұрасаң да жаңылмай айтып береді. Тіпті өз баласының қашан туғанын білмейтін ата-аналар да бар. Тұрғындар бас қосқанда әлі күнге дейін Тәкең мен Пәкеңнің зеректігі туралы айтып отырады. Бірде атама сұрақ қойдым:
– Зерек болу үшін не істеу керек, ата?
– Көп оқы, ерінбе!, – деп қысқа қайырды.
Олжас ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ,
№191 мектептің 10 сынып оқушысы,
Сырдария ауданы.
12 наурыз 2018 ж. 2 370 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031