» » КҮЙ ҚАЛАЙ ДОМБЫРАҒА КӨШТІ

КҮЙ ҚАЛАЙ ДОМБЫРАҒА КӨШТІ

Ұлттық аспап
 Қобыз – тек музыкалық аспап қана емес, ата-бабаларымыз қасиет тұтып табынған, емдеу амалдарының бірі болған. Қобыздың қаншама түрі бар. Бірақ бұл қазақта ғана бар аспап. Өзге халықтарда қобызға ұқсас музыкалық аспаптар өте көп. Солардың бәрі тамырын қобыздан алған деген болжамдар аз емес. Киелі қобыздың Қорқытқа қалай біткені жайлы да ел арасында бірнеше аңыздар бар. Соның бірінде: «Қорқыт бір күні келе жатса, алдынан екі адам кезігіпті. Әлгі екеуі бір ағашты жонып отыр екен. «Бұл не нәрсе?» деп сұраған Қорқытқа: «Қорқытқа қобыз дайындап отырмыз», - деп жауап береді. Таң қалған ол: «Ау, маған арналған зат болса, өзіме бермейсіздер ме?» - деп сауал тастайды. «Әлі де жөндейтін, қалыпқа түсіретін, толықтыратын жерлері бар», - деп жауап береді де, ол екеуі көзден ғайып болады. Түркі әлемі қобызды Тәңірімен байланыстырады. Тәңірімен тілдесер қарым-қатынас құралы ретінде санаған. Қазақ – басынан қандай зобалаң кезеңді өткізсе, оның қобызы да халқымен бірдей қиналды. Патша өкіметі тұсында қобызға тыйым салынып, тартып та алынып, өртелген кездер болды. Соның салдарынан бүгін бізге жеткен қобыздың Қорқыттың заманмен салыстырғанда тұрқы да, үні де өзгеше.Қобыздың жасалуында да өзіндік бір сыр бар. Ол ерекше шеберлікті қажет етеді. Қара ағашқа тіл бітіру – Алла берген өнері бар жанның ғана қолынан келеді. Зерттеушілер ең алғаш пайда болған қобыз шырғай ағашынан жасалған дейді. Ал оның арғы тегін садақпен байланыстырады.
Қобыздың киесі жайлы Мұхтар Мағауин «Көкбалақ» атты романында қобызшы мен домбырашының арасындағы тартысты суреттей келе, қарт қобызшының «қобызыма ие бол» деген тілегін жас домбырашы қабыл алмағанын айтады. «Сол сәттен бастап қобыздың бағы қайтады. Күй әруағы домбыраға көшеді», – деп жазады.
12 наурыз 2018 ж. 2 778 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031