» » ЖАЙДАРМАН ЖАНКҮЙЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

ЖАЙДАРМАН ЖАНКҮЙЕРІН ТӘНТІ ЕТТІ

Биыл Сыр білімінің қара шаңырағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Қорқыт аталуына – 20 жыл.  Осыған орай студент жастар арасында жайдарман ойындары ұйымдастырылып, арнайы кубок тігілді.
Бұл маусымның ерекшелігі ойынға 18 команда тіркелген. Осыған дейін 1/4 ойындары ұйымдастырылып, 10 команда қалған. Ойыншылар кубокпен қатар финалға жолдама алу үшін 2 кезең бойынша бақ сынады. Жайдарманның жарқын сахнасында ерекше ойын көрсеткен барша командалар көпшілікті күлкіге бөлеп, көрермендердің ыстық қошеметіне бөленді. Әр команда өзіндік ойын ерекшеліктерімен көрінді, әрбір әзілде қоғамдағы мәселелер мен келеңсіздіктер және саяси ахуалдың сарсаңы әрине,  көрермендердің көңілінен шықты.
Төрешілер шешімі бойынша 5 команда финалға жолдама алып, олардың ішінен "Тіл тимесін" командасы арнайы кубоктың иегері атанды.
13 наурыз 2018 ж. 1 087 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031