АЛҒЫС АЙТЫЛЫП, ҚАТАР КӨБЕЙДІ
«Нұр Отан» партиясының құрылған күніне орай, партияның облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев партия қатарына жаңа мүшелерді салтанатты түрде қабылдап, бірқатар азаматтарды алғыс хатпен марапаттады. Осылайша еліміздегі жетекші партия қатарына кәсіпкерлер, спортшылар, журналистер, үкіметтік емес ұйым өкілдері және студенттер қосылды.
Салтанатты шарада аймақ басшысы партия қатарына жаңадан қабылданған азаматтарды «Партия күнімен» және «Алғыс айту күні» мерекесімен құттықтап, мемлекет басшысы, Партия Төрағасының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жолында белсенді жұмыс жасауға шақырды.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының құрылғанына биыл 19 жыл толып отыр. Облыста 49 мыңға жуық мүшесі бар.