» » СТУДЕНТТЕР ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ

СТУДЕНТТЕР ПАРТИЯ ҚАТАРЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ


Тұңғыш Президент күні қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары мен студенттері «Нұр Отан» партиясының қатарына салтанатты түрде қабылданды.
Университет ректоры Қ.Бисенов өңіріміздің қоғамдық-саяси, мәдени жұмысқа белсенді атсалысып жүрген жастарға алғысын білдіріп, оларды арнайы алғыс хатпен марапаттады. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің 1000-ға жуық студенті «Нұр Отан» партиясының мүшелігіне қабылданған. Ал өңіріміз бойынша 2500 адам партия қатарында. Мерекелік шара соңында салтанатты түрде партия қатарына өткен жастардың атынан Б-16-3 тобының 2-курс студенті Айдана Әбиболлақызы сөз сөйлеп, алдағы уақытта ел игілігі үшін аянбай еңбек ететінін жеткізді. Сонымен қатар Ж-17-1 оқу тобының студенті Шернияз Жалғасбекұлы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевқа арнау оқып, көпшіліктің ілтипатына бөленді.
13 желтоқсан 2017 ж. 1 640 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031