СУ ТАСУ ҚАУПІ БАҚЫЛАУДА
Брифинг

– Судың мол көлемі Шардара және Көксарай су қоймасын толтыруда. Мұздың бірқалыпты өтуі ауа-райына байланысты. Биылғы жылы атқарылған жұмыстар мұзды қауіпсіз түрде өткізеді деген ойдамыз. Бүгінге дейін Шардара су қоймасынан Сырдария өзенінің төменгі ағысына босатып жатқан су көлемі 500 м/с құрап, 1 наурыздан бастап Шардарадан келетін су көлемі 500-ден 400 м/с азайтылды. Оның 380 м3/с Көксарайға, қалғаны Сырдария өзеніне түсуде, - деді Ә.Қарлыханов.
Сонымен қатар облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов өзенде мұз еру процесі жүргізілгенін атап өтті. «Мұз жүру әлі басталған жоқ. Оңтүстік аудандарда ауа райының жаңбырлы болуы мұздың жұқаруына әсерін тигізді. Қазіргі таңда, мұз еру процесі басталды. Егер жауын-шашын болса, мұз еру наурыз айының ортасында жүреді деп күтілуде. Сондай-ақ, алдағы 3 жылда 19 қауіпті учаскелерді қалпына келтіру үшін 13,7 млрд теңге республикалық бюджеттен бөлінеді», - деді С.Сермағанбетов.
Айта кетейік, бүгінге дейін Сырдария өзенінің 95 қауіпті учаскесінде жер жұмыстары атқарылды. Дарияның қауіп тудыратын учаскелерінде кезекшілік қойылды. Техникамен қамтамасыз етілген 172 мекеме бекітіліп, 500-ге жуық техникамен, қажетті материалдық-техникалық қорлары жасақталған. Екі тікұшақ дайындыққа келтірілген. Мұз жару жұмыстарын жүргізуге арнайы мамандандырылған мекемемен алдын ала келісім жасалынды.
Сандуғаш ӘБІЛҚАСЫМ