ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА СУ ТАСҚЫНЫ ҚАУІПІ ЖОҚ
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Серік Сермағамбетовтың айтуынша, өзен бойында тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 28 желтоқсан күні Сырдария өзенінде мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толысып, ПМК-29 саяжайының ішкі каналына көп мөлшердегі судың түсуінен 9 тұрғын жайдың ауласына су жайылған.
«Саяжай массивінде барлығы 76 үй бар, оның ішінде 37-сі жыл бойы пайдаланылатыны. Қазіргі кезде су тасқынын алдын алу шаралары аясында тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, ұзындығы 100 м жуық арнаның қорғау дамбаларн бекіту мақсатында 8 техника және 15 адам жұмылдырылып, 22 жауапты ұйымдардың тәулік бойы кезекшілігі бекітілді», - деп мәлімдеді Серік Сермағамбетов.
Атап өтейік, ПМК-29 саяжайы өзен арнасындағы су деңгейі жоғарылау кезеңдерінде су жайылатын аймақ болғандықтан тұрғындарға алдын-ала ескертпе хаттар таратылған. Дегенмен, 28 желтоқсан күні 22. 50 Қызылорда қаласы маңындағы Прудхоз елді мекеніндегі Кентай жайылымының су басу аумағында 2 адам масаң күйде қараңғыда адасып, мұз астына түскен. Біреуі қайтыс болды, екіншісін құтқарып үлгірді.
Жалпы облыс аймағындағы жағалау бойында қорғау дамбаларының 96 қауіпті учаскесін белгілеп. жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, Сырдария жағалауы 56 су басу қауіпі бар аймаққа бөлініп, құрамында 459 арнайы техника және 1957 адам бар 172 жауапты мекеме бекітілді.Су тасқыны кезеңінде тұрғындары эвакуациялау үшін 83 жинақталған эвакуациялық және 104 қабылдау бекеті дайындалды. Сондай-ақ, облыс бойынша 148 тонна жанар-жағармай, 284200 дана қап, 10400 қамыс, 3800 пашын, 3600 дана қарабура және өзге де қажетті материалдар мен құралдар әзірленді.
Басқарма мәліметі бойынша, 2017 ж. 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Қызылорда облысында өзеннен түскен су көлемі 640 м3/сек. құрайды. Қызылорда су торабына түскен су көлемі 530 м3/сек. Солтүстік аудандарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты Сырдария өзенінде мұз қатты, ал өңтустік аудандарда мұз пайда болу жағдайлары анықталмады. «Қазіргі таңда аймақта жағдай қалыпты және тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр», - деді С.Сермағамбетов.