» » Судан келер қауіп сейілді

Судан келер қауіп сейілді


Қыстыгүні мұз ерісе, жылғалардан су ақса болды, қай өзен арнасынан тасиды, қай бөгет бұзылады екен деп бейғам жұрттың берекесі қаша бастайтыны бар. Сыр өңірінің тұрғындарында Сырдария өзеніндегі мұз қауіп төндіре ме деген қорқыныш болатыны жасырын емес. Себебі үрейдің жайдан-жай шықпайтыны да белгілі. Өткен аптада Сырдария өзенінде мұз кептелістері салдарынан су деңгейі көтеріліп, Сырдария өзенінің ескі арнасы толып, «ПМК-29» саяжайының ішкі каналына көп мөлшерде су кетіп,  9 тұрғын жайдың ауласына су жайылған.  Дегенмен, облыстық жұмылдыру басқармасының басшысы Серік Сермағанбетов БАҚ өкілдеріне мән-жайды түсіндіріп, дария бойындағы қауіптің азайғанын мәлімдеді,және атқарылған жұмысқа тоқталып, өзен бойында тәулік бойы кезекшілік бекітіліп, қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданғанын жеткізді.
– Саяжай массивінде барлығы 76 үй бар, оның 37-сі жыл бойы пай­даланылады. Қазіргі кезде су тас­қынының алдын алу шаралары аясында тұрғындар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Сондай-ақ, ұзындығы 100 метрге жуық арнаның қорғау дамбаларын бекіту мақсатында 8 техника және 15 адам жұмылдырылып, 22 жауапты ұйымның тәулік бойы кезекшілігі бекітілді. Қазіргі таңда аймақта жағдай қалыпты және тұ­рақ­ты бақылау жүргізілуде, – деді Серік Сермағанбетов.
Қолда бар мәліметке сүйенсек, 30 желтоқсандағы жағдай бойынша Қызылорда облысында өзеннен түс­кен су көлемі 640 м3/сек құрайды. Қы­зылорда су торабына түскен су көлемі 530 м3/сек солтүстік аудандарда ауа температурасының тө­мен­деуіне байланысты Сырдария өзенінде мұз қатты, ал оңтүстік аудандарда мұз пайда болу жағдайлары анықталмаған. Облыс аймағындағы жағалау бойында қорғау дамба­ла­рының 96 қауіпті учаскесін белгіленіп, жөндеу және қалпына келтіру жұ­мыстары жүргізілді. Мұнан бөлек, Сырдария жағалауы 56 су басу қаупі бар аймаққа бөлініп, құрамында 459 арнайы техника және 1957 адамы бар 172 жауапты мекеме бекітілді. Су тасқыны кезінде тұрғындарды эвакуациялау үшін 83 жинақталған эвакуациялық және 104 қабылдау бекеті дайындалды. Сондай-ақ, облыс бойынша 148 тонна жанар-жа­ғармай, 284200 дана қап, 10400 қамыс, 3800 пашын, 3600 дана қара­бура және өзге де қажетті материал мен құрал әзірленді.
«ПМК-29» саяжайы өзен арна­сындағы су деңгейі жоғарылау ке­зең­дерінде су жайылатын аймақ бол­ғандықтан тұрғындарға алдын-ала ескерту жасалған. Дегенмен,­ 28 желтоқсан күні Қызылорда қала­сы маңындағы Прудхоз елді меке­ніндегі Кентай жайылымының су басу аумағында 2 адам масаң күй­де қараңғыда адасып, мұз астына түскен. Өкінішке қарай, бір адам қай­тыс болған.
Дарияның маңайында тұратын жұрт қауіптің беті қайтқанша алыстағы туыстарының үйін жағалауды әдетке айналдырғалы қашан. Бүгінде су алу қаупі бар аймақтың тұрғындарына көмек көрсетіліп, басқа аймаққа көші­рілді.
Мөлдір САБЫРЖАН
05 қаңтар 2018 ж. 1 227 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031