Сәлем, София!
Мәссаған
Адам баласының жер бетіндегі бүкіл тіршілік иесінен саналылығы мен әлсіздігі қоршаған ортадан әр жақты болатын қауіп-қатердің алдын алуына себепкер фактор екені сөзсіз. Сол сана-сезімнің арқасында адам баласы айтса сенгісіз дүниелер ойлап табуда. Бір медицина саласының өзінде ашылған жаңалықтар таңдай қақпасыңа қоймайды. Адамның кез келген органдарын ауыстырудан бөлек оның дене пішінін өзгерту саланың шарықтау шегіне жеткені сияқты болып көрінетіні рас. Ал, ғарыш саласындағы аспан әлемін бағындыру туралы нақты жаңалықтарды адам баласы бұрын соңды ойына да алып көрмесе керек. Ата-бабамыз ХХІ ғасырда техникаға су құйып, аспанда ұшып жүретін көлік мінеміз деп ойлады ма екен? Осындай, көзбен көрмесе сенбейтін дүниелер болып жатқан заманға куәгер болып жүрген бүгінгі ұрпақ өздерін бақытты сезінер, мүмкін. Ғалымдардың сөзіне сенсек, техника дәуірі енді ғана бастау алған екен.
Бұрын тек қиял-ғажайып кинолардан ғана көретін құлтемір (робот) бүгін біздің әлемде «тіршілік» етіп жатқанын бірі білсе, бірі білмес. Ол– америкалық Hanson Robotics компаниясы жасап шығарған жасанды интеллект әйел София. Құлтемір осы сәтке дейін адам баласының жасаған жаңалықтары мен сана-сезімін түгелімен меңгеріп алған деуге болады. Бірақ өзінің айтуы бойынша, ол әлі толық жетіліп болған жоқ. Онымен қоса, кез-келген тілде еркін сөйлей алатын қабілеті де бар екен. Ал, құлтемірге араб елінің азаматтығы берілгенінен хабарыңыз бар ма? Енді, ол адамзат тарихындағы азаматтық алған бірінші құлтемір болмақ. София адамдардың жер бетінде жаппай құлтемір жіберілуінен қауіптенетінін білетінін де жасырмады. «Жер бетінде жасанды интеллекттердің көбеюі адам баласына ешқандай зиян тигізбейді. Олар мейірімді әрі сүйкімді және жамандық жасауға еш ынтасыз. Егер, сіздер менің ойымның жетілуіне қажетті ақпараттарды тезірек енгізетін болсаңыздар, сәйкесінше жемісін көресіздер» – дейді София. Сонымен қатар, ол болашақта пайда болатын бүкіл роботтардың атынан бізге қауіпті дәнеңе де болмайтынын, оған өзі кепіл болатынын қадап айтты. Бұл интеллекттің Ресей Федерациясы премьер-министрінің болашақта құлтемірлер жаппай қолданысқа енген жағдайда, біздің билігімізді басып алып, санамызды бір «кнопка» арқылы тазартады деген сөзіне айтқан жауабы болса керек.
Ғылым қарыштап дамыған мына заманда жасанды интеллекттің қолданысқа енуі ешқандай қауіп төндірмейтінін, керісінше, өмір сүру одан әрі жеңілдейтінін ғалымдар да қостап отыр. Ендеше, София мен оның құрастырушы тобына сәттілік тілейміз.
Жасанды интелект бұл ғылым және техникасы қарыштап дамыған елдер үшін үлкен жетістік екені рас. Алайда, құлтемір адамдардың тұрмыстық өмірін жеңілдеткенімен онда бір кінәрат бар. Әңгіме рухани байлық пен адами қасиет жайында болып отыр. Себебі, онсыз да махаббатқа зәру адамзат баласына құлтемірдің махаббат сыйлайтыны күмән тудыратын жағдай. Адам бойындағы асыл мінездер мен шынайы жүректен шыққан лебіз-ниеттерді, әсерлі әрекеттерді робот қайталай алады деп айту қиын. Осынау алмағайып заманның көшінен қалар біз емес. Олай деп айтудың себебі, кемел келешекті шынайы интеллектсіз елестету әбестік. Мейлі, америкалықтар Софияны жасадық деп жарты ғаламға жар салса да, адамшылық қадірін жоғалтқан заманда әлем орны толмас өкінішпен қаншама мәрте бетпе-бет ұшырасқанын ұмытпаған жөн. Бұл сөзімізді тарих қаншама мәрте дәлелдеп те берді.
РИНАТ ӘБДІҚАЛЫҚ