» » КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КӨЛІКТЕР

КӨҢІЛДЕН ШЫҚҚАН КӨЛІКТЕР

Қоғамда қандай көлік сұранысқа ие? Әрине, бензин бағасы қымбаттаған сайын зауыттардан үнемшіл көліктер көптеп шығарыла бастады. Бұл сауалмен әлемге көз жүгіртсек.
Қытайлықтар бензин үнемдейтін көліктерді армандайды. Өйткені оларда бензин бізден екі есе қымбат. Ал жапондар жеңіл, табиғатты ластамайтын көліктерді қалайды. Өйткені, онсыз да қауіп астында тұрған жапондар қоршаған ортаның қадірін бізден он есе артық түсінеді. Ал Еуропада ең әйгілі көліктерді жұлдыздар ғана мінеді. Онда да өздері сатып алмайды, сый, сауға ретінде қабылдайды. Әрі арзан, әрі ескілеу көлік мінуді олар ар санамайды. Оның үстіне сондай көліктерді Азия, Африка құрлықтарына тасымалдап отырған да солар. Қалталылар көлік мінумен бәсекелеспейді. Еуропалықтардың қазіргі шөлдеп отырғаны мүлік пен көлік емес, рухани байлық. Еуропада соңғы жылдары ең көп сатылған көлік Volkswagen Golf пен Volkswagen Polo болыпты. Бұл да соның бір дәлелі. Париж автокөлік жәрмеңкесінде жапондар жасаған ауаны ластамайтын, бензин үнемдей алатын және немістер шығарған шағын көліктер назарға ілікті. Не үшін? Адамзат осы деңгейге көтеріле бастады қазір. Ең асыл дүниелер сарапқа түскенде қарапайымдылықтың бас бәйге алатыны секілді қағида бүкіл адамзаттық деңгейде шындыққа айналып келе жатыр. Сондықтан қазір дүние жүзіндегі көлік өндірісінде бұрынғыдай ауыр типті асыл көліктер сұраныстан шығып қалып отыр. Бірнеше жыл бұрын ғана Hummer және сол тұрпаттағы джип секілді ірі компаниялардың құлдырауы соның айғағы.
Дамыған елдерде әр адам баласы қоршаған ортаны, жер шарының "денсаулығын" ойлай бастады. Барлық жақсылықты өзінен бастау керек екенін сезіне білді. Ал бізде ше, біз әлі де арқыратып ауыр типті, әйгілі көлік мінгіміз келеді.   Уақыт өте келе, біз де басқалар жайлы, сүйікті табиғат анамыз жайлы ойланатын болармыз. Қазірше, өз еліміздегі көліктер жайлы, тұтынушылар арасында ең жақсы деген бағаға ие болған көліктер жайлы тоқталайық.
Алматыда көптеген жүргізушілер көпшілік тұтынушылардың қалтасы көтеретін Toyota Carina E көлігін қолданады екен. 1995 жылдан 2000 жылға дейінгі шығарылған нұсқалары қазіргі кездегі тұтынушылар үшін тиімді, бензинді де аса көп сарп етпейді. Жалпы көлік құрылымы мықты. Күн сайын жөндеу орындарына шапқыламайсыз. Алда-жалда бұзыла қалса, жөндеу ақысы да, автобөлшектері де арзан. Ел аузындағы тағы бір машина TOYOTA Сamry. Бұл да тиімді көлік қатарында. Жалпы түрлеріне қарай 10, 15, 20, 25, 30, 35 болып бөлінеді. Бұдан жоғары нұсқалары қымбаттау. Сонымен қатар 40, 45, 50, 55, 60 деген соңғы нұсқалар жайлы біраз пікірлер де айтылып жүр. Сондықтан 35-тен төменгі нұсқалар тұтынушылар көңілінен шығып жүр деуге болады. Әрине, жұрт көңілінен шығып жүрген көліктер бұлар ғана деп айта алмаймыз. Біз тек жақсы пікірді көп еститін көліктер жайлы сөз қозғадық.
03 ақпан 2018 ж. 1 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031