Елбасы: Сырдария саяси сауданың құралына айналмауы тиіс
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия мемлекеттері Әмудария мен Сырдария өзендерін саяси саудаға салмауға келіскенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Ең маңызды мәселе – су мәселесі. Біздің өңірде 70 млн-нан астам халық ең үлкен өзен Әмудария мен Сырдарияның бойында тұрады. Біз бұл мәселені «саяси саудаға салу мүмкін емес» деп келістік. Біз аталған мәселені мемлекеттердің мүддесін ойлай отырып шешу керекпіз. Бұл гидро нысандарды, суды, электр энергиясын пайдалануға қатысты», - деді президент Ақордада өткен Орталық Азия елдері басшыларының кездесуі қорытындысына орай ұйымдастырылған БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, бүгін Ақордада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті. Оған Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков және Түрікменстанның Меджлис төрағасы Акджа Нұрбердиев қатысты.
Келіссөздер барысында басшылар өзара конструктивті диалог орнатып, Орталық Азия өңірлерін дамыту, ынтымақтастықты нығайтуға қатысты мәселелерді талқылады. Отырыс жабық есік жағдайында өтті.
Baq.kz .