Жылдамдығы жоғары пойыз таныстырылды
2020 жылы Токиода жаз мезгіліне арналған Олимпиада ойындары өткізілмек жоспарда. Ал бұл шараға қарқынды дайындығын бастап кеткен Жапония су жаңа жылдам транспорт жүйесін таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Central Japan Railway компаниясы Shinkansen N700S немесе Shinkansen супрэме деп аталатын жоғары жылдамдықты пойызын таныстырды. Токио-Син-Осака бағытында 2020 жылы іске қосылатын пойыздың дыбысы жоқ, «ақылды жүйемен» жабдықталған. Дегенмен, тәжірибелік авто қызметін 2018 жылдың наурызынан бастайды.
«Shinkansen N700S сериясы негізгі объектілер мен құрылғыларының толыққанды жаңарумен жасалғанын білдіреді. Ол - пойыз технологиясындағы жаңа дәуір бастауы», - деді Асахи Симбун, Shinkansen JR Токай Масаюки Уэно бас директорының орынбасары.
Пойыздың үшкір «мұрны» 2013 жылғы N700A сериясынан ерекшеленеді. Бұл модель тоннельге кірерде ауаны еркін жарып, дыбыссыз жүре береді. Алдыңғы пойыздан 11 тоннаға жеңіл. Себебі, кремний карбидынан жасалған. Яғни, энергияны да аз шығындайды. Ал ең жоғарғы жылдамдығы – сағатына 300 шақырым.
Baq.kz