» » ЕКІ БАСТЫ ЖЫЛАН ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

ЕКІ БАСТЫ ЖЫЛАН ЖҰРТТЫ ТАҢҒАЛДЫРДЫ

 АҚШ-тың Флорида штатында жергілікті фермер жаңа туылған екі басты жыланды тауып алды.

Бұл туралы National Geographic сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. Ер адам жыланды мал дәрігеріне апарыпты. Ол жыланның басы ғана емес, жүрегі мен ас қорыту жолдары да екеу екенін анықтаған. Мұндай жағдай табиғатта сирек кездеседі. Мамандардың айтуынша, ас қорыту жолдарының бөлек болуы, жыланның жабайы ортада өмір сүру мүмкіндігін төмендетеді екен. «Мұндай жыландардың көбі ұзақ өмір сүрмейді. Себебі жеткілікті түрде қоректене алмайды. Сонымен қатар олардың бүйрегі ортақ болуы және сол себепті зәр шығаруда қиындықтар болуы мүмкін», – дейді мал дәрігері Лора Тилен.
19 наурыз 2018 ж. 1 598 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031