Көрнекі суретНаурызды не себепті Ұлыстың ұлы күні деп атағаны жөнінде мынадай аңыз бар: Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына тоқғанда, жер бетін жайлаған топан су кері қайтады. Барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан бұл күнді – ұлыстың ұлы күні деп жариялайды.
Көрнекі суретКүн мен түн теңескен кезде жер-көкті жарып бір гуіл естіледі. Оны халық жан-жануар ішінде қой ғана сезеді деп есептеген. Сол үнді «әз» дейді. Халық арасында осы үннен кейін жер аяғы кеңіп, күн жылынады деген сенім бар. “Әз болмай, мәз болмайды” деген содан шыққан.
Наурыз көже
Көрнекі суретНаурыз мейрамының басты тағамы. Оның нақты мәзірі жоқ. Бастысы, жеті түрлі тағамнан жасалынады. Халық арасында “Көжені тойып ішсең, жыл бойы тоқ болып өтесің” деген сенім бар. Ол — тоқшылық пен ырыс-құттың жоралғысы.
Көрнекі фотоНаурыздың ақша қарын «Құс қанаты» деп те атайды. Себебі қар құстың мамығы сынды үлпілдек болады, артынан жаңбыр араласып жауып, суық жел тұрады, ауа райы күрт өзгереді. Бұл кезде құстар жылы жақтан орала бастайды.
Батыстан соғатын жылы жел. Ол қар мен мұзды ерітіп, күннің ызғарын сындырады. Алтынкүректен соң бәйшешек бүр жарады. Желдің бұлай аталуына оның қар мен мұзды бес-алты сағаттың ішінде ерітіп, қыс бойы адам күрекпен күреп тауыса алмаған қарды бір өзі «күреп» тастайтыны себеп болған.