» » Қазақ тойының жаңа форматы

Қазақ тойының жаңа форматы

Қазақ Ұлттық Әдет-ғұрып, салт-дәстүр Академиясы ұсынады:
Қазақ тойының жаңа форматы
Қазақтың бүгінгі тойы жұртты әбден мезі етіп болды. Ол бұдан 60,70 тіпті 100 жыл бұрынғы тойлардан мүлде бөлекше өтіп жүргені мәлім. Ол кезге қайтып оралмайтынымыз тағы айқын. Қазақтың бүгінгі тойында уақыт пен тамақ – ысырап, децибиллдердің жоғарылығынан қонақтардың өзара әңгімелесуіне мүмкіндік – тапшы, үздіксіз тост пен арақ ішу – жиіркенішті. Осыларды азайту үшін Қазақ тойының жаңа форматы назарларыңызға ұсынылып отыр!
1. Ең алдымен той уақытын қазіргі 5-6 сағаттан 1,5-2 сағатқа қысқарту үшін Тойдың креативті фуршеттік тәсілі ұсынылады.
2. Той тура шақыру билетінде көрсетілген уақытта басталады. Беташардың қысқартылған нұсқасы орындалады. Ең жақын 5-6 адам ғана таныстырылады.
3. Тойда жасы үлкен кейбір адамдарға, құдаларға үстел қоюға болады, жалпы қонақтар түрегеп жүріп, өзі қалаған адаммен сұқбаттасады.
4. Тост болмайды. Оның орнына жас жұбайлар немесе мерейтой иесі сағат тілі бойынша айналып, әр топқа немесе әр үстелге келіп аялдап, өзінің алғысын арнайды. Ешкімге микрофон берілмейді. Топтағы қонақтар өздерінің ізгі тілегін тікелей білдіріп, сыйлығын ұсынып жатады. Тілек-тілдесу 2-3 минуттан аспайды.
5. Асабаның қызметі енді тост беру орнына келген қонақтардың абырой-атағын таныстыруға, олардың сіңірген еңбегін мәлімдеуге бағытталады.
6. Той тамағы халал түрде фуршеттік қазандарда жасалады, әркім не жегісі келсе, тәбеті неге тартса соны өздері барып қалағанын алып жейді. Құрметті қонақтарға ұсынылатын жіліктер алдын ала араланып, шағындалып, арнайы тәрелкелермен әкелініп тартылады. Оны қаласа тұрып, қаласа отырып жеуіне болады.
7. Сусын мен ішімдіктер даяшылар тарапынан разноспен ұсынылады.
8. Тойдың алғашқы бөлігінде бақырып-шақырған қатты музыка болмайды, тек жанға жайлы жұмсақ музыкалық фон ғана болады (Домбыра, қобыз, скрипка)
9. Тойдың екінші бөлігі биге арналады. Әнші жұлдыздар шақыру міндетті емес. Би репертуары тек қазақ эстрадасынан жасақталады. Даяшылар сусындар мен т.б. арнайы табақтармен үш рет қана ұсынады.
10. «Тойбастар» дәстүрінде қонақтардың бірі ән айтады, той иелері жас жұбайлардың арнайы естелік кәдесыйларын ұсынады.
11. Той үлкен ақсақалдың бата беруімен, той иелерінің алғыс айтуымен аяқталады. Аса салтанатты ұйымдастырылған той 120 минутта, әрі кетсе 150 минутта аяқталады.
Тойдың бұл жаңа тәсілі арқылы тойға кешігу жойылады, той уақыты қысқарады, уақытты бағалау артады, адамдар бір-біріне жақын бола түседі, тост айтудан құтыламыз, арақ-шарап тұтыну азаяды, жұлдыздарға тәуелділік кемиді, понт жоғалады, міндет орындалады!
Сценарий авторы Марат Тоқашбаев
Facebook-тегі парақшасынан
19 наурыз 2018 ж. 953 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031