» » Балабақшаға автоматты түрде жолдама алу шарттары

Балабақшаға автоматты түрде жолдама алу шарттары

 Астаналық білім басқармасы жеңілдік санатына жататын азаматтар туралы мәліметтер базасын біріктірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Әкімдікте «Балабақшадағы орындарды бөлу және есепті ұйымдастыру» тақырыбында брифинг өтті. Баспасөз мәжілісінде білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин балаларды балабақшаға қою кезегіне өзгерістер енгізілгенін айтты. Жаңа ережеге сәйкес ендігі таңда жеңілдік санатындағы азаматтар жолдаманы автоматты түрде алады.
«Мұның алдын жеңілдік санатындағылар үшін жолдаманы қағаз түрінде беретінбіз, себебі әлеуметтік жәрдем алатын тұлғалар туралы мәліметтермен байланысымыз болмады. Ал қазір жеңілдік санатындағы балалар жолдаманы автоматты түрде алады. Жүйе баланың жеңілдік санатына жататынын өзі тексереді, егер расталса жолдаманы сол мезетте шығарып береді», – деді брифинг барысында Әнуар Жанғозин.
Жеңілдік санатындағы жүйе екі түрге бөлінеді. Кезектен тыс (әскери қызметшілердің балалары) және де бірінші кезекте (мүгедек балалар, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар, жетім балалар, көпбалалы отбасы мен ерекше күтім қажет балалар).
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдан бастап орын бөлудің ашық жүргізілуі үшін балабақшаға жолдама берудің автоматты жүйесі іске қосылған болатын. Бүгінде бұл қызмет www.e.astana.kz электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы қолжетімді етілген. Қазірге дейін 25 мыңнан астам жолдама берілді.
Baq.kz
20 наурыз 2018 ж. 1 003 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031