» » ЕКІ КӨШЕНІ ӨЗ ЕСЕБІНЕН ТЕГІСТЕП БЕРДІ

ЕКІ КӨШЕНІ ӨЗ ЕСЕБІНЕН ТЕГІСТЕП БЕРДІ

Наурыз – қаншама ғасырлардан бері тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы. 
Бұл күні шарапатты іс істеген адам сауап алады дейді. Осы айтулы мереке қарсаңында Шиелі кенті, Көкшоқы мөлтек ауданындағы 2 шақырымды құрайтын Досанов Оразбай мен Өтеген Жарықбаев атындағы көшелерге Шиелі ауданының оқшау сумен жабдықтау жуйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің басшысы, аталған мөлтек аудан тұрғыны Әбдіхайымов Данияр Еркінұлы тегістеу, жөндеу жұмыстарын өз қаржысы есебінен жүргізді. Осы секілді игілікті жұмыс жасау осы азаматтың жылдағы әдеті десек те болады. Мәселен, былтырғы жылы да көшерелге тас төсеп, тегістеу жұмыстарын өзі қолға алып, жүзеге асырған еді.  
–Осындай игілікті шараның арқасында көшеміз жүруге қолайлы әрі кеңіп қалғңан секілді көрінеді. Замандас азаматтың ісіне береке,  өзіне амандық тілейміз, Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! –дейді осы көшенің тұрғыны Өскен Қалымбетов.
Н. Назымханұлы, 
Шиелі ауданы
20 наурыз 2018 ж. 906 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031