2018 жыл Ұлулар үшін қызық болмақ
Ұлулар үшін 2018 жыл қызықты оқиғаларға толы болмақ. Ит жылында сұлу сөзбен сиқырлап, қақпанға түсіру қиын. Олар асығыстығымен ел назарын үнемі өзіне аударады. Айналадағылар сіздің сабырлы, ойлы, кез келген дүниені ақыл таразысына салатыныңызға таңдана қарайды. Адал әрі әділ болуға тырыссаңыз тамыз айына қарай жұмысыңыз жақсарып, армандар орындалады.
Денсаулық
Созылмалы аурулардың қайта қозу қаупі бар. Көктемде денсаулыққа ден қойып, күтінген абзал. Аутотренинг әдісін меңгеріп алыңыз. Ол түрлі негативті эмоциялардан арылуға көмектеседі. Қандай да бір кикілжің мен ескі реніштер мазалайтын болса, психолог маманның көмегіне жүгінген жөн.
Қаржы
Ұлулар бұл жылы көп қаржы жұмсап, жақындарына қамқор болып, қуанышқа кенеледі. Қаржы табамын деп жаңа жобадан жақсы нәтиже күтуге әлі ерте. Өйткені жыл ортасында қаражатқа қатысты түсініспеушіліктер орын алып, аз-кем қолайсыздыққа тап боласыз. Еш уайымдамаңыз жыл соңында мол табысқа кенелесіз. Алайда осы жолда сәл сабырлылық танытқан абзал, әйтпесе, тиесілі үлестен айырылып қалуыңыз ғажап емес.
Мансап
Жұмыста лауазымыңыз жоғарылап, көпшіліктің ықыласына бөленесіз. Шатақ мінезіңізден әріптестердің сізге деген құрметін байқамай жүрсіз. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасты дұрыс жолға қойсаңыз, болашақта мүдделес, пікірлес боласыз. Мансабыңыздың алға өрлеуіне де септігін тигізеді. Күзде жұмысқа байланысты сыни пікір естисіз, бірақ сабырлы қалпыңызды жоғалтпаңыз, азын-аулақ айыппұл салынуы мүмкін. Ол үлкен көлемді шығынның алдын алады. Табысыңыз тұрақты болып, дәрежеңіз өседі.
Махаббат
Шаңырағыңыздың беріктігі өзгелердің қызғанышын тудыруы мүмкін. Ал бойдақтар мен бойжеткендердің жұбын табуы бек мүмкін. Биыл алшаң басып, сенімді жүруіңізге болады. Себебі бұл жылдың сізге берер сыбағасы мол. Ғашығыңызды күтпеңіз, ұсыныс сіз жақтан болу керек. Ал отбасылы жандар жұбайының қадірін білгені жақсы, шын ықылас пен махаббат, отбасы, неке – тұрақтылығының кепілі.