» » СЫР ӨҢІРІНДЕ КЕЛІНДЕР САЙЫСТЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ КЕЛІНДЕР САЙЫСТЫ

  Келіні жақсы үйдің керегесі алтын. Осындай айдармен Қызылорда облысы Жалағаш ауданында келіндер байқауы өтіп жатыр. Амал мерекесінен бастап 9 күннен бері әз Наурызды тойлап жатқан сырбойылықтар күн құрғатпай тағылымды шаралардың ұйытқысы һәм куәгері болуда. Ауылдағы шаруасын ұршықша үйіріп, ұрпақ өсіріп отырған жалағаштық келіндер 5 бөлім бойынша сайысып жатыр.

Байқауға 13 елді мекеннен және аудан орталығынан барлығы 14 үміткер білек сыбана келген. «Сәлем сөздің патшасы» атты алғашқы бөлімде қатысушылар туған жерін, әулетін өлең шумақтарымен таныстырды. Келесі кезекте өнегелі келіндер өнерін ортаға салды. Жалпы шарада ұлттық салт-дәстүрдің барлық түрі көрініс тапты. Сәбиді бесікке бөлеудің қыр-сыры түсіндіріліп, бесік жыры шырқалды. Бесаспап қазақ келіндері ұлттық тағамдардың түр-түрін әзірлеп, дастарқанды жайнатты. Көпшілікке ұмыт бола бастаған қазақы ас-судың жасалу жолдарын көрсетті. Ару келіндер ісмерлігін көрсетіп сайысса, жалағаштық ер-жігіттер ұлттық спорт түрлері бойынша шеберлік байқасты. Арқан тартысып, гір тасын көтерген ерлер жарысы көпшілікті алаңдатпай қоймады. Ал бозбалалар жағы асық атып, епті мергендіктерін паш етті. Жаңғыртылған бес тас ойыны да жиналғандар назарын өзіне аударды.
Дереккөз: http://24.kz
22 наурыз 2018 ж. 1 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031