100-ге жуық машина жинаған
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы бұқаралық шараларды ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Мерканова биыл алғаш рет өткізілген фестивальдің мақсатын түсіндірді. Ерекше қабілетке ие балалардың дарынын ашып, жұртшылыққа таныстыру және ата-аналар мен ұстаздар арасында өзара ынтымақтастық қарым-қартынас орнату мақсатында өткен бұл шараның қала мектептері бойынша іріктеуге қатысқан 241 баланың 14-і соңғы кезеңге жолдама алған. "Жас өрендердің әрқайсысы тоғыз бағыт бойынша өздерін ерекше қырынан таныта білді", - дейді Әсемгүл Мерканова.
Олардың бірі кез келген жанрда сахналық образда өнер көрсетсе, енді бірі өлең оқу шеберлігін паш етті. Қатарластарынан озық шыққан №39 мектептің 2 сынып оқушысы Иван Пакетов төрт жасынан бастап түрлі машиналардың моделі мен сол көліктер жайлы ақпарат жинаумен айналысады. Қазіргі таңда оның 100-ге жуық машинасы бар.