» » БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?

БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ НЕНІ ЕСКЕРУ КЕРЕК?


Төле бидей төрелігі, Қазыбектей шешендігі, Әйтеке бидей әділдігі бар қазақ халқы бала тәрбиесіне ертеден-ақ байыппен мән беріп, отбасылық құндылықтарды ерекше дәріптеген. Отбасы – өнегенің алтын ұясы. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген халық даналығы соның дәлелі.
Ата-ананың әрбір әрекеті, жүріс-тұрысы, сөйлеген сөзі – баласына үлгі болатындықтан, әрдайым өзімізге сын көзбен қарауымыз керек. Отбасындағы сыйластық, береке, мейірімділік балаға рухани нәр береді. Мұндай құндылықтар болмаған жағдайда, қым-қуыт өмір ағысы оң-солын танып білмеген баланы басқа арнаға бұрып жібереді. Ата-ананың қадағалауынан шет қалған, өз өміріне бейқам қарайтын жасөспірім психикалық белсенді заттарды білместікпен немесе мәжбүрлікпен қолданып, санасын да, ағзасын да улағанын сезбейді. Кез келген ақпаратқа қолжетімді заманда өмір сүріп жатқандықтан, есірткі, оның зардабы туралы әрбір отбасында кеңінен қозғалып, алдын алып отыру қажет. Өмірді өксікке айналдырар нашақорлыққа бой алдырмас үшін Қызылорда облыстық Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының мамандары қала, ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Олардың нашақорлықтың тамырын тереңге жаюына қарсы күресі Отанымыз үшін маңызды, сүйсінерлік жайт.
Әрбір отбасы даналықтың дәнін егіп, жамандықты ауыздықтап отырса, есірткіге ес алдыру әсте болмас еді. Сондықтан балаларымыздың араласатын ортасын, жүріс-тұрысын сырттай бақылап, қателіктерін түзетіп, ақыл-кеңес беру –ата-ананың парызы. Рухани жан дүниені нұрландыру үшін кітап, газет-журнал оқу жанұямыздың дәстүріне айналу керек. Сондықтан тәрбие мен тәртіпті қатар тізгіндегенде ғана нашақорлық өмірімізге ешқашан ене алмайды.

КҮМІСБАЙ БАЙДАЛИЕВ,
Абай ауылы.
04 ақпан 2018 ж. 936 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930