ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Буханов хабарлама жасап, бес бастамаға тоқталып өтті. Одан соң аудандық мәслихат депутаты А.Қаржаубаевтың сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы, атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Б.Нысанбаев, Н.Пірмантаев, А.Үсенов секілді халық қалаулылары да өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарымен бөлісті.