» » Арыстанбек Мұхамедиұлы: Қазақстан халқының 84%-ы қазақша біледі

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Қазақстан халқының 84%-ы қазақша біледі

 Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Тіл туралы заңмен тілдерді қолдану және дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылатын тіл саясатының 2017 жылғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Жыл сайынғы жүргізілетін зерттеу нәтижелері тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгеруде оң динамиканы көрсетті. 2017 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 83,1%-ды құрады, ал 2016 жылы одан да аздау болған. Үш тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі 22,3%-ды құрады. (...) 2017 жылы орталық атқарушы органдардан мемлекеттік тілді оқыту курсына 610 адам қатысты. Республикада 89 аймақтық мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жұмыс істейді. 2017 жылы тіл оқыту орталықтарында 58348 адам мемлекеттік тіл оқыту курстарынан өтті», - деді ол.
Сонымен бірге министр мемлекеттік органдардағы құжат айналымында аталған бағдарламаның қалай орындалып жатқанын атап өтті.
«2017 жылы жалпы мемлекеттік тілдегі құжат айналымының үлесі 92 %-ды құрап отыр. Оның ішінде орталық атқарушы органдарда 89,3%, жергілікті атқарушы органдарда 93,3%, ал ұлттық компанияларда 49,1%-ды құрады. Ақпарат және коммуникация министрлігі ұсынған мәліметттерге сәйкес, мемлекеттік БАҚ-тағы қазақша контент үлесі 72%-ды құрап отыр», - деді ол.

27 наурыз 2018 ж. 730 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031