» » Жәрдемақыларды тағайындау процедурасы өзгереді

Жәрдемақыларды тағайындау процедурасы өзгереді

 Елімізде мүгедектікті және еңбек қабілеттілігінен айырылу деңгейін белгілеу процедурасы жеңілдетілмек, деп хабарлайды 24.kz.
Жасына байланысты зейнетақы тағайындау, базалық зейнетақы мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының төлемдері бойынша құжаттарды қабылдау «бір өтініш» қағидасымен жүзеге асырылады. Сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды мемлекеттік кірістер органына тіркеу мен еңбек шарттарын есепке алу жүйесіне ендіру ісі де біршама жеңілдейді. Сонымен қатар мүгедектікті белгілеу, жәрдемақыларды тағайындау және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алу үшін тұрғындар жан-жаққа сабылмай тек бір ұйымға жүгінеді. Келешекте бұл өтініштер электронды түрде Еgov арқылы қабылданатын болады.
 – Медициналық-әлеуметтік сараптама қызметін қайта құрылымдаудың жаңа жобасы әзірленіп жатыр. Қанатқақты жобаны жүзеге асыратын өңірлер анықталды. Жаңа концепция мүгедектік пен еңбекке жарамдылық деңгейін анықтау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттырады. Әлеуметтік қорғаудағы тұлғаның қажеттілігін нақты анықтау және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға да септігін тигізеді, - дейді Көші-қон комитетінің облыстық департамент басшысының орынбасары Жанар Нұрбек
27 наурыз 2018 ж. 1 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031