Ұсыныс: сауда орталықтарына бір күндік бойкот
Қазақстан мен Ресей тұрғындары 31 наурызда сауда орталықтарына бармауға шақырды. Олар әлеуметтік желі арқылы осындай ұсыныс тастады.
Мәтінде Кемероводағы сауда орталығында болған қайғылы оқиғаға байланысты бір күндік бойкот жасау туралы бастама көтерілген.
“31 наурызда барлық СО баруға бойкот жариялауға шақырамыз. Сенбі күні барудан бас тартыңыздар. Осылай істеу арқылы сауда орталығы басшыларына адам өмірінің құндылығы туралы естеріне саламыз. СО иелері шенеуніктердің алдында қағаз түрінде емес, тұрғындардың алдында жауап беруін талап етеміз. Олар бұқаралық ақпарат құралдарының және тұрғындардың қатысуымен үйрету эвакуациясын өткізіп, ТЖ-ға дайындықтарын көрсетсін. “Зимняя вишня” СО-да қаза тапқандар үшін 31 наурызда СО-на бармаңыздар“, – делінген хабарламада.