Жаңа мұнай кен орыны игеріледі
«North Caspian Operating Company N.V. (NCOC) консорциумы Қашаған кен орнының болашақ кезеңдерін игеру мүмкіндіктерін бағалауды жалғастыруда. Бірлесіп игеру ықтималдығы бар операторы «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» (КМОК) болып табылатын Қаламқас-теңіз және оған жақын орналасқан «Хазар» мұнай кен орнының тұжырымдамасын таңдау бойынша зерттеу аяқталуға жақын. Жобаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шығындарды азайтудың бірнеше шешімдері анықталды. Біздің жобаның акционерлері Үкімет мақұлдағаннан кейін алдын ала инженерлік-техникалық жұмыстарды жалғастыруға ниетті. Сонымен қатар, Ақтоты және Қайраң кен орындарын игеру үшін синергия мүмкіндіктерін зерттеуді жалғастырамыз»,-деп хабарлады NCOC консорциумының басқарушы директоры Бруно Жарден.
Б.Жарденнің айтуынша, консорциум Қашаған кен орнын игерудің болашақ кезеңдерін дамыту нұсқаларын бағалауды жалғастырмақ. Ол жерде қазіргі таңда тәулігіне 300 мың баррель мұнай өндірілуде.