» » Таңғажайып жұлдыз-жорамал

Таңғажайып жұлдыз-жорамал

 15-21 наурыз
Тоқты
Басшыңызға ұсыныстар айтуға қысылмаңыз. Ұжымыңыздың ісі алға басуына ұйытқы болсаңыз, бастығыңыз сізді қолдайтынына сенімді болыңыз. Тек әріптестеріңізге күйе жағып алудан аулақ болыңыз.
Торпақ
Жұмыста ойластырылған іс-шаралар жүзеге асады және барлық жағдайда тиімді болады. Сонымен қатар жолсапарға шығудың сәті түсіп тұр.
Егіз
Осы аптада туған-туыстың қас-қабағына қарауға тура келеді. Сондықтан әр ісіңіз бен сөзіңізге мұқият болған абзал. Жақындардың жанын ауыртпауға тырысыңыз. Қолдан келгенше көмек беріңіз.
Шаян
Барынша достармен келісіп, əр істің ортақ шешімін табуға тырысыңыз. Бірігіп жұмыс істеу арқылы толағай жеңістерге жетесіз.
     Арыстан
Абайлаңыз, отбасыңызда түсініспеушілік орын алуы мүмкін. Жақындарыңыздың жаман жағын емес, жақсылығын көре білгеніңіз жақсылыққа жетелейді.
бикеш
Бұл апта сәтті болмақ. Беделіңіз артады. Сонымен қатар материалдық және әлеуметтік жағдайыңыз жақсарады. Қаржылық жағдайға байланысты мәселелер шешімін табады.
таразы
Апта басында қиын мәселелермен беттесуіңіз мүмкін. Оның шешімін тек қана қолдаушыларыңыз бен беделді таныстарыңыз ғана шеше алатынын естен шығармаңыз.
сарышаян
Аптада жаңа таныстар тауып, жақсы жаңалықтар естисіз. Алайда оның тізгінін уысыңыздан шығарып алмаңыз.
мерген
Күшіңізді бекер жұмсамау үшін бұл аптада отбасы мен қызметтегі орныңызды айқындап, айналаңыздағылар мен түсінісіп алған жөн. Қандай да бір дау-дамайлы әңгімеден алыс жүріп,  тек сырттан бақылаған дұрыс.
тауешкі
Уақытыңыз зая кетпесін. Осы кезеңде жасайтын тірліктеріңіздің барлығы да жасалып біту керек. Осылай етсеңіз көздеген мақсатыңызға қол жеткізесіз және жұмысыңыз да табысты болмақ.
    суқұйғыш
Өзіңізге әрдайым күтім жасап, денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Сондай-ақ тым әсірешілдікке бармай, кез келген жағдайда сабырлы, ұстамды болыңыз. Сезімге тым берілмей, ақ пен қараны ажырата біліңіз.
балық
Соңғы кезде әбден қажып жүрсіз. Сабырға келетін уақыт та жетті. Отбасылық шаруалар, мерекеге дайындалу, барлығы сізді шаршатып жіберсе, мұңаймаңыз. Бұлт артынан күннің ашылатынын ұмытпау керек.
15 наурыз 2018 ж. 2 641 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031