КӨШБАСШЫ БОЛУ – СІЗДІҢ ҚОЛЫҢЫЗДА
Әрбір істе көшбасшы болуға талпынсаңыз, мына кеңестерге назар аударыңыз.
Табанды болыңыз!
- Алдыңызға нақты жоспар құрып, әр бастамаңызда табанды болыңыз. Ойға алғаныңызды соңына дейін жүзеге асырмайынша, тынбаңыз. Шамды алғаш жарыққа шығарған ғалым Томас Эдисонды білетін боларсыз? Ол 10 мыңнан астам сәтсіз ғылыми тәжірибеден кейін ғана балқыған шамды ойлап тапқан. Оның техникалық білімі жоқ. Оқымысты достары оның талпынысын күлкіге айналдырған. Ол бір сөзінде: «Мен тәжірибелерімді сәтсіз деп айта алмаймын. Себебі оның көмегімен шамды жасауға болмайтын 1999 әдіспен таныстым» дейді.
- Шешім қабылдағанда батыл болыңыз!
- Көшбасшы адам әрдайым келесі қадамын жоспарлап отырады. Сондықтан күнделік арнап, бір күнде істейтін жұмыстарыңызды уақытымен жоспарлаңыз. Ойыңыз жинақталады, әрі уақытыңызды да үнемдейсіз.
- «Жоқ» деп айтуды үйреніңіз!
- Көптің көңіліне қарап, кез келген ұсынысқа беталды келісе берудің қажеті жоқ. Сіз үшін маңызды емес дүниелер бар болса, оған қарсылық білдіретін берік иммунитет қалыптастырыңыз.
- Бала күнгі арманыңыз сарқылмас күш береді
- Психологтардың пікірінше, ең күшті мотиватор – бала күнгі арманы. Әлемге танымал әрбір тұлғаның артында оның бала күнгі арманы тұр.
- Ерекшелігіңізді жоғалтпаңыз!
- Әрбір адам – қайталанбас жеке тұлға. Өзгені үлгі етуге болады, бірақ еліктеудің керегі жоқ. Сондықтан өзіңізге тән қасиетіңізді, мінезіңізді өзгертпеңіз.
- Серігіңіз – сабырлылық!
- Әлемге танымал көшбасшылар қандай қиындық кезіксе де, оған сабырлы кейіппен қарауға кеңес береді. Себебі әр қиындық шыңдайды, әрі баға жетпес өмірлік тәжірибеге айналады. Осы ретте мына оқиға еске түседі. Бір малшының есегі терең үңгірге түсіп кетеді. Содан оның егесі ойланады. «Бұл кәрі мал. Мұны құтқарамын деп шаршағанша көме салайын» деген шешімге келеді. Содан күрегін алып, жан дауысы шыққан малға қарамастан топырақты үстіне шаша береді. Есек болса үстіне түскенді қағып, аяғымен баса береді. Бір сәтте үстіне түскен топырақ үйіндіге айналып, есек құдықтан секіріп шығады. Жолыңызда қандай мәселе туындаса да, өзіңіздің мақсатыңыздан бас тартпаңыз. Нағыз көшбасшыға тән қасиет осы.
- Әсел БЕГМАН