» » БӘСІ БИІК БӘСЕКЕ

БӘСІ БИІК БӘСЕКЕ

 «Еуразия» спорт кешенінде жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық турнир мәресіне жетті.
Биыл жиырма екінші мәрте ұйымдастырылған турнирге Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 16 команда қатысып, мықтыны анықтады.
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша қызылордалық «Азамат» командасы бірінші орынды иеленді. Олар финалда «Зенит» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:3 болды.
Үшінші орынды «Ынта», төртінші орынды «Олимпик» командасы еншіледі.  Турнирде «Үздік қорғаушы» номинациясымен Қанат Жұмабеков («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» – Кирилл Ермолов («Ынта» командасы), «Үздік шабуылшы» – Андрей Шлема («Зенит» командасы), «Мерген ойыншы» – Дмитрий Давыдов («Олимпик» командасы), «Үздік ойыншы» – Нұрәлі Байдулла («Азамат» командасы) марапатталды. Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.
29 наурыз 2018 ж. 1 063 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031