» » ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛМАҚ

ҚЫТАЙЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР СЫРДАРИЯНЫҢ СОЛ ЖАҒАЛАУЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛМАҚ


                Қызылордада облыс әкімдігі мен «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясы арасында Сырдарияның сол жағалауында тұрғын үй салу туралы Меморандумға қол қойылды.
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесіп, оларға аймағымыздың инвестициялық мүмкіндіктері туралы баяндап берді. 
«Біз кез-келген тиімді идеялар мен жобаларды қолдап, инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауына барлық жағдай жасауға дайынбыз. Сіздер сол жағалауда құрылыс салуға қызығушылық танытқандарыңызды білеміз, сондықтан бөлінетін жер учаскелеріне қажетті инфрақұрылымды тартуды өз жауапкершілігімізге аламыз және бірлескен жұмыс барысында жан-жақты қолдау көрсететінімізді атап өткім келеді», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, «Джинан Сиян Констракшн Групп ЛТД» компаниясының бас директоры Лан Лисяо әріптестік орнатқанына қуанышты екенін жеткізіп, ұзақ мерзімді бірлесе жұмыс жасауға ниет білдірді. 
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айында «Баоньбао» Синьцзян сауда компаниясы» ЖШҚ басқарма төрағасы Лю Вэй ханым бастаған ҚХР делегациясы ІХ халықаралық «Байқоңыр Инвест» форумына қатысып, бірлесе жүзеге асыру үшін 5 жоба таңдаған болатын (Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалын салу және пайдалану, Қармақшы және Жаңақорған аудандарында құс фабрикаларын салу, Қызылорда қаласының сол жағалауында құрылысын салу және «KazPump» ЖШС электр қондырғылары). Бұл жобалар бойынша жұмыс алдағы уақытта басталмақ.

25 желтоқсан 2017 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031